Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде риэлтор клиентінің 6 млн теңгеге жуық қаражатын қалтасына басқан

Өскеменде риэлтор клиентінің 6 млн теңгеге жуық қаражатын қалтасына басқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының басында Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының 53 жастағы тұрғыны көмек сұрап жүгінді. Оның 5,9 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп алған алаяқты жазалауды сұраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Жедел уәкілдер 2020 жылдың 9 қарашасында өзін риэлтор деп таныстырған қаскөй, барлық құжаттарды көрсетіп, жәбірленушінің сеніміне кіріп, баспана сатып алуға көмектесемін деп уәде бергені анықтады. Алайда келісімшартқа қол қойып, қомақты қаржы қолына түсісімен ол қоңырауларға жауап беруді де қойған.

Қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру