Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде тәртіпке бағынбаған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Өскемен қаласының тұрғыны пробация қызметінде есепте тұрған уакытта жүйелі
түрде құқық бұзушылыққа жол бергені үшін темір торға тоғытылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс Солжағалау аудандық пробация қызметі есебінде тұратын, жаза өтеу шарттарын сақтамағаны үшін ескерту алған басқа да сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысына қатыстырылды.

– Жасы 23-ке келген жас жігіт 2022 жылдың күз айынан бастап есепке қойылды. Өткен уакыт аралығында есепте тұрған азамат сотпен белгіленген мәжбүрлі еңбекті орындауға шықпағаны үшін, пробация қызметімен белгіленген уақытта тіркелуге келмегені үшін, пробация қызметі инспекторларын ескертпей тұрғылықты мекенжайын ауыстырғаны үшін, сонымен қатар екі мәрте қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішіп, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені үшін, ПҚБ инспекторларымен жалпы саны 9 мәрте ескерту салынып, тіркелуші тұлғаға қатысты сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза түрін бас бостандығынан айыру түріне ауыстыру туралы іс-құжат сотқа жіберілді.

Өскемен қаласы №2 сотының шығарған қаулысының негізінде 4 ай 18 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, – дейді Солжағалау аудандық ПКБ аға инспекторы А.Камитова.

Енді сотталған сотпен белгіленге тәртіпке бағынбағаны үшін жаз бойы жазасын темір тордың ар жағында өтейтін болды. Бұл ашық сот басқа да сотқа қатысқан пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға сабақ болды.

Жауап қалдыру