Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде ұландық әскери қызметшілер алғаш рет жүзуден сынға түсті

Өскеменде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері тұңғыш рет жүзуден жарыс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5518 бөлімінде өткен бәсекеде 20-дан астам офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші командир жүлдесі үшін бақ сынады.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бассейнінде өткен жарыста олар жүзу жылдамдығы, төзімділік пен техника бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер медальдармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

Іс-шараның тағы бір маңызды жаңалығы – спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған келісімнің жасалуы.

Жарыс аясында 5518 әскери бөлімі, "Berel" кәсіпқой волейбол клубы және дене шынықтыру-сауықтыру кешені арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум әскери қызметшілердің дене дайындығын жетілдіру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және бірлескен спорттық жобаларды іске асыру бағытындағы өзара іс-қимылды көздейді.

Ұлттық ұлан тарихындағы тұңғыш жүзу жарысы әскери қызметшілердің спорттық дайындығын жетілдірудің жаңа бағытына бастау беріп қана қоймай, әскери және азаматтық спорт ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға негіз болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру