Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік полицейлер жоғалған 5 жасар қызды ЖБО камераларының көмегімен тапты

Өскемендік полицейлер жоғалған 5 жасар қыз баланы ЖБО камераларының көмегімен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 сәуір күні Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ кезекші бөлімінің «102» арнасына алаңдаған жергілікті тұрғын хабарласып, 5 жасар баласының жоғалып кеткені туралы айтқан. Әйел адамның айтуынша, бес жасар қыз аулаға ойнауға шығып, көзден ғайып болған.

Анасы баланы өз бетінше табуға тырысқан, бірақ іздеу сәтсіз болғаннан кейін полицейлерден көмек сұраған.

Хабарламаны алғаннан кейін тәртіп сақшылары дереу жоғалған баланы іздеуге кірісті. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы көшелер мен аулаларды мұқият зерттеп, өтіп бара жатқан адамдардан жауап алып, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеді.

– Нәтижесінде Өскемен қаласы ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері 30 минут ішінде жоғалып кеткен қызды көрші ауладан тапты. Полицейлер табылған баланы ата-анасына аман-есен тапсырды, – деді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.

Табылған қыздың анасы Өскемен қаласы ПБ қызметкерлеріне жедел көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Полиция азаматтарға кәмелетке толмаған балаларына мұқият болу керектігін, ал егер бала немесе жақын туыстары жоғалып кетсе, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу «102» арнасы бойынша полицияға хабарласу қажет екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру