Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік жігіттен 16 калибрлі мылтықтың кескіні тәркіленді

ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері полицейлермен бірге Өскемен қаласының тұрғынынан 16 калибрлі мылтықтың кескінін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында кезекті рет «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның мақсаты қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу болып табылады.

– Өскемен қаласындағы бір жас жігіттің үйінен кесіндіге ұқсас зат табылды. Маманның қорытындысы бойынша табылған зат Ижевск механикалық зауытында шығарылған нөмірлері бар 16 калибрлі бір ұңғылы, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық болып шықты, – деді ОВ 156/20 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Жасұлан Баденов.

Аталған факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру