Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда өз учаскелерінде қарасора өсірген екі тұрғын анықталды

Жезқазғанда өз учаскелерінде қарасора өсірген екі тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілдеде Жезқазған қаласының ПБ қызметкерлері саяжайлардың бірінде “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Полиция екі тұрғынның учаскелерінде қарасора өсіріп жатқанын анықтады.

56 жастағы ер адамның бақшасынан полицейлер қарасораға ұқсас 62 жасыл бұтаны тәркіледі. Сонымен қатар полиция 36 жастағы жазғы тұрғынынан осы өсімдіктің жеті бұтасын тапты. Сараптама екі жағдайда да тәркіленген өсімдіктер қарасора деген қорытындыға келді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру