Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отбасы күні қарсаңында Ертіс полицейлері аз қамтылған отбасына барды

Ертіс полицейлері Самойловтар отбасы үшін мереке ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлер азық-түлік жинап, аз қамтылған отбасына барды. Бұл жолы полиция қызметкерлері кішкентай балалары бар отбасына азық-түлік таратуды шешті.

– Бұл отбасында үш кішкентай бала бар, ал анасы төртінші баланы күтіп отыр. Ата-аналардың тұрақты табысы жоқ, отбасы ата-анасының үйінде таршылықта тұрып жатыр, өмір сүру жағдайлары көп нәрсені қалайды. Сондықтан мүмкіндігінше оларға көмектесуге тырысамыз, – дейді Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

Балалар тәттілерді көріп, қуанды, олардың көздерінде жақсылық пен жарықтың ұшқындары жанғаны көрінді.

– Бұл өнімдердің барлығы қажет, егер олар сатып алынса, оған көп ақша кетеді. Полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді, – деді Анна Самойлова. Жақсылық үшін рахмет!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру