«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 15-18 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Акция аясында Абай және Еңбекші ауданы Полиция басқармаларының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Гүлвира Бектемісова және Ақмарал Төрехан аудан әкімшілігімен бірлесіп «Ана үйі», «Сенім Ай», «Самғау Сенім» көмек орталықтарындағы әйелдерге қайырымдылық көрсетіп, бірінші қажеттілік азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы әзірленген жадынамалар таратты.