«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы жалғасып жатыр
«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы Шымкент қаласы Полиция департаментінің төрт ауданында жалғасып жатыр, – деп хабарлады Polisia.kz.
Аталған акцияның мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту болатын.
Акция аясында Абай және Қаратау ауданының Полиция басқармалары жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері «Ана үйі» қоғамдық қоры мен «Қызыл-ай» қоғамының дағдарыс орталығында қыз-келіншектермен кездесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары жайлы ашық әңгіме жүргізді. Арнайы әзірленген жадынамалар таратылды.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлерімен осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра бермек.