Отбасының мазасын қашырған павлодарлық жауапқа тартылды
Отбасының мазасын қашырған павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 маусымда Павлодар қаласының полициясына егде жастағы ер адам қоңырау шалып, сыбырлап сөйлеп, оған көмектесуін өтінді. Қарияның айтуынша, біраз уақыт бұрын оған аздап таныстығы бар ер адам келген. Бірақ бірнеше сағаттай болған қонақ үйден кетпей қойған, өзін дөрекі ұстап, үй иесін қорлаған.
Полиция аталған пәтерге тез арада жетіп, зейнеткер мен оның «қонағын» анықтады. Полиция формасындағы адамдарды көргенде ғана шақырылмаған қонақ біреудің пәтерінен кетуге асықты.
– Бірақ азаматқа тіл тигізгені үшін 42 жастағы ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қамзин көшесіндегі пәтерлердің бірінде тұрып жатқан ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас та өзіне назар аударды. Көршілер әйелдің айқайын естіп, полициядан көмек сұрады. Белгілі болғандай, отағасы үінде шу көтеріп, әйеліне қол көтерген.
Тәртіп сақшылары отбасылық жанжалқойды ҚР ӘҚБК 73-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Енді ол өз әрекеттері үшін заң бойынша жауап береді.