Өз әйелін бірнеше рет соққыға жыққан ер адам ұсталды
Шымкентте өз әйелін жұдырығымен бірнеше рет ұрған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау АПБ-ның қызметкерлері 18 қазанда отбасылық мәселе бойынша жанжалдасу салдарынан өз әйелін ұрып, дене жарақатын салған күйеуін полицияға жеткізді. Ол – 1981 жылы туған жергілікті тұрғын.
Орын алған оқиға ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар тексеру барысында аталған азаматқа учаскелік полиция инспекторлары 23 қыркүйекте қорғау нұсқамасын толтырылған. Алайда ер азамат бұл іс-әрекетімен қорғау нұсқамасын бұзған.
2020 жылдың 27 қазанында ерлі зайыптыларға қатысты азаматтық соты болып, онда соттың шешімімен ер азамат өзінің айлық жалақысының жартысын жәбірленушіге беретін болды.