Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзгенің автокөлігіне кіріп, құнды заттарды ұрлаған екі қарағандылық ұсталды 

Өзгенің автокөлігіне кіріп, құнды заттарды ұрлаған екі қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 маусым күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 21 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу өзіне тиесілі автокөліктен магнитафон мен дыбыс шығарғыш құралын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Оған келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлерімен жәбірленушінің көлікті көпқабатты үйлердің ауласында қалдырғаны және сол мезетте күдіктінің кілт таңдау арқылы қылмыс жасағаны анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

2 шілде күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 және 20 жас аралығындағы екі жігіт ұсталды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру