Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзімен бірге қару алып жүрген түркістандық жауапқа тартылуда

Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағым ұстанушысынан қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларының полицейлерімен бірлесіп, деструктивті діни ағым ұстанушыларын анықтау, қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге байланысты тұрақты түрде профилактикалық жұмыстарды, рейдтерді жүргізіп келеді.

Осындай кезекті жұмыс күнінің бірінде Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Арыс аудандық полиция бөлімінің полицейлерімен бірге “Қару” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жергілікті тұрғыннан қару тәркіледі.

Яғни Арыс ауданының тұрғыны ер азамат аудандағы тас жолдардың бірінде тіркелмеген нөмірі өшірілген 16 калибрлі ТОЗ-63 қосауызды шолақ аңшы мылтықты өзімен бірге тасымалдаған. Ер азамат Арыс АПБ полицейлерімен бөлімге жеткізіліп, қаруы тәркіленді.

Тексеру кезінде ұсталған ер азаматтың діни ағым ұстанушысы ретінде есепте тұратыны белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері барлық облыс тұрғындарына заңсыз тіркелмеген қару алып жүргенге ҚР Қылмыстық кодексте жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру