Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерді кезектен тыс әперемін деп шымкенттікті алдап кеткен алаяқ анықталды

Пәтерді кезектен тыс әперемін деп шымкенттікті алдап кеткен алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 4-қазанында Абай АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда, бейтаныс азаматша мемлекет тарапынан берілетін пәтерді кезектен тыс алып беремін деп, 1.700.000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен. Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде. 

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары тұрғындарға бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру