Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан

Павлодар балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz

9 тамызда полицияға Павлодар қаласының тұрғыны Айманов көшесі бойындағы Павлодар қаласының № 4 балабақшасында 3 жасар қызын тәрбиешінің көмекшісі ұрып-соғу фактісі бойынша жүгінді.

– Аталған факті тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, бейнебақылау камераларынан алынған бейнематериалдарды зерттеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру