Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған затты алып өтудің жолы кесілді

№47 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған затты алып өту әрекетінің жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеменің бақылау-өткізу пунктінде жоспарлы тексеру барысында сотталғандардың бірінің жеке заттарын қарау және тінту кезінде айлакерлік тәсілмен жасырылған тыйым салынған зат анықталды.

Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған сол күні таңертең заңды негізде бірінші кезектегі қажетті тауарларды сатып алу үшін мекеме аумағынан уақытша шыққан. Қайта оралу кезінде оның шалбарының белдігінен жұмыс істеп тұрған сенсорлы телефон табылып, тәркіленді. Телефон ішінде SIM-карта болған.

Тексеру жүргізу және гаджетті анықтау процесі толықтай бейнебақылау камераларына, сондай-ақ мекеме қызметкерінің бейнетіркегішіне жазылып алынған.

Аталған факі бойынша сотталғанға қатысты тәртіптік сипаттағы материалдар жиналып, тәртіптік изоляторға қамауға жіберу үшін дайындалуда.

Тәртіп сақшылары түзеу мекемелерінің аумағында ұялы байланыс құралдарын пайдалануға және сақтауға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру