Павлодар облысында 11 жылқы ұрлаған барымташы ұсталды
Павлодар облысында 11 жылқы ұрлаған барымташы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 шілдеде полицияға Павлодар ауданы ауылдарының бірінің 41 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол 11 бас жылқы ұрланғаны туралы хабарлады. Шығын 4 700 000 теңгені құрады.
Анықталғандай, жылқылар қараусыз жайылып жүрген. 6 күн бойы иесінің өз күшімен іздеуі сәтсіз болды.
Ұрлық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілді, нәтижесінде полиция қызметкерлері Павлодар ауданының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан басқа, ұсталған адамға қатысты осындай қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексеріледі.