Павлодар облысында 180 азамат жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысында жолдарды тиісінше күтіп ұстамағаны үшін 180 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында жолдарды тиісті деңгейде күтіп-баптамағаны үшін 180 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға бес млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
– Павлодарлық полицейлер жол-коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын тексерді. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарға қызмет көрсететін «Қазақавтожол» ЖШС Павлодар филиалының жол-пайдалану учаскелері, пункттері, мердігерлік ұйымдары тексерілді. Тексеру нәтижелері жол қызметтері дайындығының төмендігін, сондай-ақ жұмыс істеуге арналған арнайы жол техникасының жарамсыздығын көрсетті, ал кейбір ұйымдарда мұндай техника мүлдем жоқ, – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция қызметкерлері Павлодар-Успен, Павлодар-Шарбақты автожолдарына қызмет көрсететін жол-пайдалану пунктіндегі жеті бірлік техниканың үшеуінің ақауы бар екенін атап өтті. Арнайы техниканың барлығы дерлік тозған, жаңартуды талап етеді.
Шідерті кентінен Төртқұдық ауылына дейін Астана-Ерейментау-Шідерті автожолына қызмет көрсететін басқа ЖШС-да қар тазалауға, жолдарды тазалауға және көктайғақпен (аралас жол машиналары, шнекороторлар, құм шашқыш құрылғылар) күресуге арналған арнайы техника жоқ екені анықталды. Сондай-ақ арнайы жол техникасын жалға алу туралы шарттар да жоқ.
Осыған ұқсас кемшіліктер басқа ұйымдарда да анықталды.
Бұдан басқа жолдың жүру бөлігіндегі қар құрсауының алдын алу мақсатында жол жиегіндегі шөптер мен жер төсемін тегістеу қажет болды. Алайда көптеген мердігерлік ұйымдар аталған жұмыс түрлерін толық көлемде жүргізбеген.
– Барлық анықталған кемшіліктер бойынша басшылардың атына норма талаптарын бұзуды жою туралы ұйғарымдар жіберілді, лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды,- деп атап өтті Жасқайрат Қайыров.
Павлодарлық полицейлер жалпы қолданыстағы автожолдарға 1 210 тексеру жүргізді. Нәтижесінде төрт мыңнан астам ақау анықталды, жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 1 210 ұйғарым жіберілді.