Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 50 жылқы қараусыз жүрген

Павлодар облысында қараусыз жүрген 50 жылқынын иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар аудандық бөлімінің қызметкерлері қаңғыбас мал фактілерін анықтау мақсатында Кемеңгер және Шақат ауылдық округтерінде алдын алу іс-шарасын өткізді.

– Мәселен, 2 тамызда сағат 19.00-де Павлодар ауданы Шақат ауылының маңында полиция қызметкерлері қараусыз қалған, бақташысы да жақын жерде болмаған 50 бас жылқыны тапты. Қараусыз қалған мал айып тұрағына қамалды. Тәртіп сақшылары мал иесін анықтады. Ол 41 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты Оған қатысты ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Жанат Әміров.

Тек екі күннің ішінде Павлодар ауданы ПБ полицейлері қаңғыбас мал басы иелеріне қатысты рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырды.

Павлодар облысында жыл басынан бері барлығы 2 431 мал иесі бақылаусыз жайылып жүрген мал үшін ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша жазаға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру