Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 64 жастағы жүргізуші мас күйінде көлік айдаған

Павлодар облысында 64 жастағы жүргізуші мас күйінде көлік айдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері өңірдің республикалық маңызы бар автожолдарындағы қауіпсіздікті тәулік бойы бақылайды. Тек соңғы тәулікте ғана 105 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Мысалы, жылдамдық режимін асырғаны үшін 9 жүргізуші, қауіпсіздік белдігі үшін 10 адам ұсталды, төрт адам қажетті құжаттарсыз көлік жүргізді, екі көлік жүргізушісі ұялы телефонды пайдаланған. Тағы үшеуі көлікті мас күйінде басқарған.

Мысалы, күндіз сағат 11.25 шамасында Павлодар-Қызылорда автожолының 13 шақырымында полиция қызметкерлері біртүрлі жүріп келе жатқан Gelly автокөлігін байқаған. 64 жастағы жүргізушімен әңгіме барысында тәртіп сақшыларына оның мас екендігі белгілі болды. Медициналық сараптама орташа мас дәрежесін анықтады. 

Тәртіп бұзушының көлігі айыппұл тұрағына қамалды, ер адамның өзі ҚР ӘҚБК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір бұзушылық фактісін Екібастұз полицейлері анықтады. Мұнда жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай көлікті жүргізген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру