Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық учаскелік полиция пункттерінің инспекторлары Instagram-да ресми аккаунттар ашты

Петропавлдық учаскелік полиция пункттерінің инспекторлары Instagram-да ресми аккаунттар ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өтініштер мен сауалдарды қабылдау, онлайн-есептер беру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Дәл осы жұмыстарды петропавлдық учаскелік полиция инспекторлары Instagram желісінің көмегімен іске асырмақ. Бүгінде бұл әлеуметтік желі петропавлдықтар арасында кеңінен танымал. “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде қаладағы 13 учаскелік полиция пунктінің әрқайсысының қызметкерлері өздерінің ресми аккаунттарын ашты.

248 – бұл учаскелік полиция пункттерінің арасындағы ең үздігі: Потанин көшесі, 65 мекенжайындағы № 2 учаскелік полиция пунктінің жазылушыларының саны. Аталған пункт қызметкерлерінің қызмет көрсету аумағына қаланың Черемушки, Ойқала, Былғары зауыты, Заречный аудандарына, сондай-ақ саяжай учаскелері кіреді. Бір жарым айдың ішінде олар direct хабарламалар бөлімінде тоғыз өтінішті қабылдаған. Әкімшілік учаскенің тұрғындары бұл бастамаға оң бағаларын беріп отыр. Сақшылардың әлеуметтік желіде пайда болған уақытынан тыныштықты бұзу фактілері хабарлар түсіп жатыр, тұрғындар проблемаларымен бөлісіп, талап-тілектерін айтуда. Ал, басқа учаскелік пункттердің аккаунттарындағы жазылушылар саны жүзден енді асып келеді. Петропавлдық учаскелік инспекторлардың жазылушыларының жалпы саны – 1 400-ден астам.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың айтуынша, бұл жұмыс сервистік үлгідегі қызмет пен “жұртқа жақын полиция” қағидаты шеңберінде кезең-кезеңмен енгізілмек. Instagram-аккаунттар әкімшілік учаскедегі азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы ашылған. Қазір полицейлер учаскелік полиция пункттерінің аккаунтарын әлеуметтік желілердегі жеке парақшалырының статустары мен stories бөлімдерінде тұрғындар хабардар болып, жазулы үшін жарнамалауда. Бұдан бөлек, ПИК төрағаларынан ресми аккаунттардың сілтемелерін үйлердің чаттарына жіберіп тұруды сұрайды.

Айта кету қажет, қалалық полицияның басшылығы да әлеуметтік желілерде азаматтармен хат алмасып, сұрақтарына жауап беруде. Мәселен, учаскелік инспекторлардың, ювеналдық, патрульдік полицейлердің, бір сөзбен айтқанда, жергілікті полиция қызметінің жұмысына жетекшілік ететін қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің 2019 жылдың күзінен WhatsApp мессенждерінде қызметтік нөмірі бар. Сол уақыттан бері түрлі тақырыптағы 100-ден астам сұрақ келіп түсіпті. Сұрақтарды тек қалалықтар ғана емес, ауылды жерлердегі тұрғындар, шетелдіктер де қояды екен. Жуырда полицейдің телефонына Түркиядан тұрып жатқан әйел бейнеқоңырау түрінде хабарласып, учаскелік полиция инспекторынан Петропавлда тұратын анасына көмектесуді өтінген. Полиция қызметкерлері дереу шаралар қабылдап, мәселе тез арада шешімін тапты. Негізінен, қалалық полиция бастығының бірінші орынбасарының телефонына фото және бейнежазбадағы Жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтары, тыныштықты бұзуға және басқа да тақырыптарға қатысты сұрақтар келеді.

Келешекте аккаунттардың ленталарында профилактикалық жадынамалар, учаскелік инспекторлардың байланыс мәліметтері, маусымдық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік туралы жарияланымдар орналастыру жоспарда бар. Әсіресе, direct бөлімі мен WhatsApp-тағы қызметтік нөмірге жүгінушілердің сауалдарына жауап беру жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру