Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 44 жастағы әйел қалта ұрлығы үшін құрықталды

Алматыда 44 жастағы әйел қалта ұрлығы үшін құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол Алматыда уақытша тұратын 44 жастағы Өзбекстан азаматшасы болып шықты. Әйел ер адамдармен танысып, сенімге кіріп, “жәбірленушінің” үйіне көшіп келіп, бірнеше күннен кейін телефондарын, ақшасын, яғни кез келген құнды затты алып кеткені анықталды.

 – Қазір күдікті құрықталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жалғасуда. Қазіргі уақытта оған екі эпизод бойынша айып тағылуда, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Осы азаматшаның әрекетінен зардап шеккен адамдарды полиция қызметкерлері мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 227-55-02; 8-747-482-22-83.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру