Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері демалыс орнынан 4 аккумуляторды қолды қылған ұрыны ұстады

Түркістан полицейлері демалыс орнынан төрт бірдей аккумуляторды ұрлаған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, Отырар ауданына демалыс орнындағы үйінің сыртында орналасқан күн сәулесінен қуат алатын құрылғының төрт дана аккумуляторын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі – 500 мың теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Хабар алысымен полиция қызметкерлері ауыл сыртында орналасқан мал жайылымына жедел жетті.

Орын алған қылмысты ашуға бағытталған барлық іс-шараларды жүргізді. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті азаматты анықтады. Күдікті ер адам Түркістан қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті демалыс орнына барған соң бөлмеде тұрған аккумуляторларды байқаған. Пайда табуды көздеп, төрт аккумуляторды көлігіне салып, оқиға орнынан ізін суытқан. Осыдан соң аккумулятордың екеуін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Қалған екі аккумуляторды өзімен бірге сақтаған. Бүгінгі күні ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру