Павлодар облысында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Павлодар облысының полицейлері бір күн ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген жол қозғалысы ережелерін бұзудың 250 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында Павлодар облысының аумағында 21-23 қазан аралығында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жүргізушілердің басым көпшілігі көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. 28 жүргізушіге қатысты маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар міндетті техникалық байқаудан өтпеген 14 автобус анықталды.
Бұдан басқа көлік құралдарын пайдалануға шығаруға жауапты 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айып тұрағына 12 көлік құралы қойылды.
Мысалы, 21 қазанда Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралын басқарған «ПАЗ-32053» маркалы автобустың жүргізушісін ұстады, ол осы құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
– Белгіленген жол қозғалысы ережелерін сақтамау апаттың айтарлықтай өсуіне әкелуі мүмкін. Жолаушылар өз өмірлерін осы жүргізушілерге сеніп тапсырады. Күнделікті өмірде біз автобус жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзбаса, оларды себепсіз тоқтата алмаймыз, сондықтан мұндай алдын алу шаралары барлық жүргізушілерді тексеруге мүмкіндік береді. Өйткені, біздің міндетіміз – азаматтарымыздың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету, – дейді Департамент бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.