Павлодар облысында іздеуде жүрген сотталған қамауға алынды
Павлодар облысында іздеуде жүрген сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробациялық бақылауға алынған ауыл тұрғыны ағымдағы жылдың шілде айынан бастап байланысын тоқтатқан. Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде сотталған үйінде болмаған, содан кейін пробация инспекторлары іздестіру шараларын бастады. Жұмыс орнында да болмаған, жұмыс берушінің айтуынша, белгісіз бағытта кетіп қалған.
Павлодар облысының Ақсу қаласында тұратын сотталғанның жақын туыстарының түсініктемелерінен олар онымен 10 жыл бойы байланыста болмағаны және оның қайда екенін білмейтіні, байланыстары жоқ екені анықталды. Пробацияның сұрауларына берілген жауаптар бойынша ауыл тұрғыны арнайы және емдеу мекемелеріне жеткізілмеген және орналастырылмаған.
Тамыз айында В.К.К.-ға қатысты материалдар Аққулы ауданының сотына жіберілді, содан кейін оған іздеу жарияланып, қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
– Қыркүйек айында Павлодар облысының Ақтоғай ауданында алкогольдік ішімдік ішіп, әртүрлі мекен-жайларда тұрып жатқан 41 жастағы ізін жасырған азамат табылып, ұсталды. Қазіргі уақытта бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру мәселесін шешу үшін сотқа материал жіберілді. Сотталған Павлодар қаласының тергеу изоляторында сот қарауын күтіп жүр, – деп түсіндірді Аққулы ауданы пробация қызметінің аға инспекторы Дастан Килибаев.
Ер адамның алдағы тағдырын сот анықтайды.