Павлодар облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Павлодар облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 мамыр сағат 22.10-да Омбы-Майқапшағай автожолының 387 шақырымында, Павлодар ауданының Госплемстанция ауылынан бір шақырым қашықтықта Toyota RAV 4 автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды өтіп бара жатқан 60 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттардан көз жұмды.
Автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, жылдың басынан Павлодар облысы жолдарында 127 ЖКО тіркелген, салдарынан 21 адам мерт болды, 193-і жарақат алды.