Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас жүргізуші 15 күнге қамалды

Павлодар облысында мас жүргізуші 15 күнге қамалып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қаратай ауылының маңында ауыл жолымен жүріп келе жатқан ВАЗ-21043 автокөлігін байқады. Құжаттарды тексеру үшін тәртіп сақшылары көлікке барды. Ер адаммен сөйлескен кезде алкогольдің өткір иісін сезді.

Ауыл тұрғынының айтуынша, ол аң аулауға шыққан. Сонымен бірге, полицейлерді алдауға тырысып, ол жай ғана көлікте отырдым деп сендірді.

– Жүргізілген медициналық куәландыру жүргізушіде жеңіл дәрежелі алкогольдік масаңдықты растады. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды, материал сотқа жіберілді, – деді Успен ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот бұл адамды он бес тәулікке әкімшілік қамауға алды, сондай-ақ жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру