Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында оқушы тіркеу нөмірінсіз мотоцикл жүргізген

Павлодар облысында 11-сынып оқушысы мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз мотоцикл жүргізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар ауданында полицейлер екі дөңгелекті көлікті сүйетіндер тарапынан бұзушылықтардың алдын алу үшін рейдтерді жандандырды. Заря ауылында мотоциклді мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған жігіт анықталды. Жүргізуші 11-сынып оқушысы болып шықты.

– Осы факт бойынша полицей кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 – бабының 2-бөлігі мен ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасады. 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылды, – деп айтылды Павлодар ауданы полиция бөлімінде.

Күн жылынғалы бері 5 мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды. Олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке қойылмаған. Полицейлер көбінесе екі дөңгелекті көліктің артында жастар тұрғанын айтады. Полицейлер кез келген жол апатының ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру