Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында пробация есебіндегі сотталғандар ұлттық ойыннан бақ сынасты

Павлодар облысында пробация есебіндегі сотталғандар ұлттық ойыннан бақ сынасты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Железин ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, сотталғандарды қоғамға бейімдеуге бағытталған асық ату ұлттық ойыны бойынша жарыс өтті. Іс-шараны аудандық пробация қызметі ұйымдастырып, оған пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.

Жарыс достық пен өзара сыйластыққа негізделген атмосферада өтті. Қатысушылар мергендіктерін, ептіліктерін және жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын танытты. Әрбір кезең әділ бәсекеге, бір-бірін қолдауға және командалық рухты нығайтуға ықпал етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері арқылы қатысушылардың қоғамға қайта бейімделуіне, жауапкершілік сезімін арттыруға және оң өзгерістерге ұмтылуына жол ашылады.

Жарыс қорытындысы бойынша мергендігімен, белсенділігімен және жеңіске деген жігерімен ерекшеленген қатысушылар марапатталды.

Железин аудандық пробация қызметі алдағы уақытта да сотталғандардың қоғамға табысты бейімделуіне, ұлттық мұраны құрметтеуге және заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік іс-шараларды жалғастыра береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру