Павлодар облысында қараусыз жүрген малдардың иелері жазаланды
Павлодар облысында қараусыз жүрген малдардың иелері жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында жануарлардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының екі фактісі тіркелді, соның салдарынан бір адам қайтыс болып, екі адам жарақат алды.
Бүгінгі күні облыс аумағында қараусыз малға арналған 146 айыппұл тұрақтары жұмыс істейді, оларға 11 мың бас мал орналастырылған.
Сондай-ақ, павлодарлық полицейлер құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың 96 фактісін анықтады, бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша мал бағуды бұзғаны үшін 1078 құқық бұзушы, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 615- бабы бойынша жол жүру ережелерін сақтамаған 17 тұрғын жауапкершілікке тартылды.