Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көлік салондарынан құнды заттарды ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда көлік салондарынан құнды заттарды ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол түскі үзілісті пайдаланып, сағат 13.00 шамасында үйіне келген. Сөйтіп, Lada Priora өз көлігін көпқабатты үйдің ауласында қалдырған. Көлік иесі бар-жоғы жиырма минутқа кеткен. Қайтып келсе, көліктің салонынан ұялы телефон, құжаттар мен ақша жоғалып кеткенін байқайды. Шығын сомасы 154 мың теңгені құрады.

Белгілі болғандай, жәбірленуші көліктің бүйір әйнегін жабуды ұмытып кеткен, қасқой соны пайдаланып, ұрлық жасаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен бірге, сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің 28-ші маусымда жасаған басқа да осындай қылмысқа қатысы барын анықтады. Аталған күні күдікті Mercedes автокөлігі орналасқан дүкендердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, иесінің жоқ екенін, көліктің бүйір әйнегінің сәл төменірек түсіп тұрғанын пайдаланып, қолын созу арқылы 10 мың теңге тұратын ұялы телефонды алып кеткен.

Полицейлер жәбірленушіні 25 жастағы қала тұрғынын анықтап, оған ұялы телефонын қайтарды. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру