Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ҚАЖД бастығы сотталғандарға жеке қабылдау өткізді

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Адлет Мұстафинов қоныс колониясында сотталғандарға жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Адлет Мұстафинов АП-162/2 мекемесіне жұмыс сапарымен барды. Жұмыс кездесуі кезінде Адлет Хажетұлы мекеме аумағын аралап шықты, тұрғын, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларды аралады. Тексеріс сотталғандардың жазасын өтеу жағдайлары қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін көрсетті.

Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы сотталғандардың жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді. Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жұмысқа орналастыру, жазаны өтеу тәртібіне қатысты басқа да мәселелер қызықтырды.

​Атап өту керек, осы жазда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен АП-162/2 қауіпсіздігі орташа мекемеден қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге қайта бейінделді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру