Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ҚАЖД өкілдері республикалық тамыз форумына қатысты

Павлодар облысында ҚАЖД өкілдері білім беру саласы көшбасшыларының республикалық тамыз форумына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында республикалық тамыз конференциясы аясында секциялық отырыс өтті.

“Білімнің басты құндылықтары: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отансүйгіштік” форумы республиканың білім саласының көшбасшыларының басын қосты. Конференцияға Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарының өкілдері қатысты. Форумда Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері да болды.

– Түзеу мекемелерінде колледж жұмыс істейді. Соның арқасында жазасын өтеп жатқан сотталғандар диплом алып, бостандыққа шығуға мүмкіндік алды. Мамандықтың болуы сотталғанның әлеуметтенуінің күшті факторы болып есептеледі, өйткені олардың алдында тұрған басты мәселе – жұмысқа орналасу, – деп түсіндірді ҚАЖД өкілі Сагина Айтбаева.

Форумда білім саласы өкілдерінен бөлек кәсіпорын басшылары да сөз сөйледі. Конференцияда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, дуальді білім беру және сапалы оқыту мәселелері қаралды. Ресми бөлімнен басқа қонақтар Павлодар колледждері студенттерінің жұмыстарының көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру