Павлодар облысында түнгі уақытта ішімдік сатқан дүкенші анықталды
Павлодар облысында түнгі уақытта ішімдік сатқан дүкенші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі күні Павлодар облысының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және мас күйде болғаны үшін 6973 фактіні анықтады. Сонымен қатар, 118 иесі алкоголь өнімдерін белгіленбеген уақытта сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды.
– Түнгі рейд барысында Павлодар ауданының полицейлері ауылдардың бірінде алкогольге қарсы заңнаманы бұзу фактісін анықтады. Белгісіз уақытта дүкеннің 39 жастағы сатушысы 29 жастағы ауыл тұрғынына көлемі 0,5 литр және бекінісі 40% болатын бір бөтелке арақ сатты. Осылайша, ҚР ӘҚБК 200-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Сауда орнының иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығы Ғалым Сарғұлов.