ШҚО полицейлері түнгі уақытта жол белгілерінің көрінуін тексеруде
ШҚО полицейлері түнгі уақытта жол белгілерінің көрінуін тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Шығыс Қазақстан филиалдарының өкілдерімен бірлесіп, өңірдің республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына түнгі тексеру жүргізді. Жолдарда жарақаттануды төмендету үшін облыста жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері жол белгілерінің, таңбалардың, ұстап тұратын қоршаулардағы сигналдық катафоттардың жарық көрінуіне, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың дұрыс қолданылуына органолептикалық тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының көрінуі бойынша 55-тен астам ақау анықталды. Жол иелеріне оларды жою бойынша 22 нұсқама жолданды, себебі жол таңбаларының, белгілердің жай-күйі және олардың көрінуі жол қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, қолайлы жағдайлар жасайды, жүргізушілерді тәртіпке келтіреді.
Полиция департаментінің өкілдері және қызмет көрсететін ұйымдар авариялық-қауіпті учаскелерді жою бойынша қосымша ұсыныстар дайындады, полицияның саптық бөлімшелерінің жол ұйымдарының инженерлік-техникалық персоналымен қызмет көрсетілетін автожолдар желісінің жай-күйі мен жүріп өтуі туралы ақпарат жинау бөлігінде өзара іс-қимыл жасау мәселелерін қарады.