Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жас сақшыларға кәсіби бағдар берілді

Ақсу қаласы полиция бөлімінде "Жас сақшы" мамандандырылған сыныптарының оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және полиция қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында оқушылар полиция бөлімінің жұмысымен танысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті міндеттері мен әр бөлімшенің негізгі жұмыс бағыттары туралы ақпарат алды.

https://youtube.com/shorts/gBa1athBdVc?feature=share

Жас сақшылардың ерекше қызығушылығын полицейлердің қызметтік құралдары мен арнайы құралдардың көрсетілімі тудырды. Сондай-ақ оларға қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен заң талаптарын сақтаудың маңызы түсіндірілді.

– Оқушылар полиция қызметіне қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Біз оларға күнделікті қызметіміздің ерекшеліктері мен құқық қорғау органдарындағы жұмысқа қойылатын талаптар туралы айтып бердік, – деді ювеналды полиция тобының аға инспекторы Айнагүл Ахметова.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қызметтік тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Құқық қорғау саласында қызмет етуді жоспарлап жүрген жастарға ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу талаптары түсіндірілді.

Мұндай кездесулер оқушылардың полиция қызметі туралы түсінігін кеңейтіп, жауапкершілік пен тәртіптілікке тәрбиелеуге ықпал етеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру