Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Павлодар облысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамызда сағат 22.00 шамасында Павлодар ауданы Қаратоғай ауылының маңында Омбы-Майқапшағай автожолының 453 шақырымында Chevrolet автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі жолдың жүру бөлігімен ілеспе бағытта келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Полиция сараптама тағайындалғанын атап өтті. Тексеру жүргізілуде. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 263 ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде 44 адам қаза тапты, 403 азамат жарақат алды.

Полиция қызметкерлері 80 108 жол ережесін бұзудың жолын кесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру