Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен кәсіпкер полицияға алғыс айтты

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен кәсіпкер полицияға құқығын қалпына келтіргені үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы ЖК-тің басшысы ҚР-ның Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа алғыс сөзін білдірді.

– Құрметті Марат Мұратұлы! Сізге және полиция қызметкерлеріне, атап айтқанда Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері – полиция капитаны Елдос Бақбергеновке, полиция майоры Ренат Ысқақовқа және полиция аға лейтенанты Арлан Жақсылыққа кәсіби шеберліктері, биылғы қаңтар оқиғасында қаржылай зардап шеккен бізге қатысты шыдамдылықтары үшін алғысымды білдіремін, – деді хаттың авторы.

Әйелдің айтуынша, тергеуші сараптамаға ұсыну үшін қажетті құжаттардың толық тізімін дұрыс жинауға көмектескен.

– “Пассаж” сауда орталығындағы элиталық ерлер киімін сататын үш бутик тоналып, талқандалған, үш күн бойы тонаушылар қымбат киімдерді алып шыққан. Бұл жағдайда тергеуші кәсіби түрде заңнамалық актілерді ғана емес, сонымен қатар, сауда үйлерінің қаржылық құрылымын да нақты біледі. Құқық қорғау органдарында өз саласының нағыз мамандары, адам дертінен сырт айналып келе алмайтын жанашыр, мықты жандардың қызмет етіп жатқанын мақтан етемін. Барлық қызметкерлерге зор денсаулық, ең бастысы отбасылық бақыт тілеймін, – делінген алғыс хатта.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру