Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жазаны өтеу тәртібін бұзған сотталған бас бостандығынан айырылды

Павлодар облысында жазаны өтеу тәртібін бұзған сотталған бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталған "М" РММ "46 мекемесінде" жазасын өтеу барысында жазаны өтеудің белгіленген тәртібін 20-дан астам рет бұзған.

Сотталғанға режим талаптарын сақтау және тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу туралы бірнеше рет тәрбиелік сипаттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, ол тиісті қорытынды шығармаған.

Сонымен қатар сотталған "М" мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне бағынбау фактілеріне жол берген.

Осыған байланысты мекеме әкімшілігі сотталғанды ҚР Қылмыстық кодексінің 428-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдады.

Жиналған материалдар мен сотталғанның кінәсін дәлелдейтін айғақтар сотқа жолданды.

Сот шешімімен сотталғанға негізгі жаза мерзіміне қосымша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сондай-ақ оны қатаң қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру