Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ЖКО салдарынан 4 адам жарақаттанды

Павлодар облысында ЖКО салдарынан 4 адам жарақаттанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 наурыз күні сағат 14.50-де Тереңкөл-Михайловка автожолының 69 шақырымында, Железинка ауданының Ақтау ауылында 37 жастағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі КамАЗ жүк көлігін басып озғанда, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, Hyundai Accent көлігімен соқтығысты.

– ЖКО нәтижесінде, Toyota Camry жүргізушісі, 32 жастағы Hyundai Accent жүргізушісі мен екі жолаушы жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Тексеру жұмыстары өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру