Павлодар облысында жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Павлодар облысында екі жол апаты тіркеліп, жүргізушілері көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қазан сағат 22.45-те Павлодар-Қызылорда автожолының 41-шақырымында Пограничник ауылының маңында Volkswagen Sharan автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке аударылды.
7 қазан сағат 00.15-те Павлодар-Қызылорда автожолының 1253-шақырымында Екібастұз қаласынан 15 шақырым қашықтықта Toyota Camrу 40 автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қисық жолақты кедергіге соғылды.
Апат салдарынан екі жүргізуші де алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
ВИДЕО МҰНДА
Сараптама тағайындалды. Көліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр.
– ЖКО себептерінің бірі – жүргізушілердің жеке тәртіпсіздігі. Тек биыл облыс жолдарында 12 көлік аударылған, ал кривбуспен соқтығудың 3 фактісі тіркелген. Сонымен қатар, облыстық полиция қызметкерлері 95 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.