Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 600-ден астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 600-ден астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаяу жүргіншілер жол қозғалысының қатысушылары, олардың көпшілігі жол тек өздеріне тиесілі деп санайды, қыс мезгілінде көлік бірнеше секунд ішінде тоқтай алмайтынын ұмытып кетеді, әсіресе дөңгелектер асты тайғақ болған кезде.

- Жол жүру ережелерін елемейтін көбінесе жас жігіттер, олар өздерінің гаджеттеріне кіріп алып, құлаққап киіп, айналасында не болып жатқанын байқамайды. Егде жастағы тұрғындар да жол жүру ережелерін бұзады, олар жаяу жүргіншілер өткелінен өтуге ерінеді - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Өз кезегінде, жол ережесін бұзған жүргізушілер бірінші айда 300-ге жуық жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Мәселен, Павлодарлық тұрғын Қамзин көшесімен жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде кесіп өтті. Ворушин-Ак. Шоқин көшелерінің қиылысында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол берген жоқ. Құқық бұзушыларға айыппұл салынып, жауапқа тартылды.\

"Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, полицейлер облыс тұрғындарын жолда қырағы және мұқият болуға және ережелер барлығына бірдей екенін ұмытпауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру