Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жолдағы кемшіліктерді жою үшін 453 ұйғарым шығарылды

Павлодар облысында жыл басынан жолдағы кемшіліктерді жою үшін 453 ұйғарым шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өңір жолдарындағы жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында полиция департаменті тұрақты негізде жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға, оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар трассаларға тексеру жүргізеді.

Жыл басынан бері 453 жол зерттелді, 984 ақау анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 453 ұйғарым берілді, 39 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Шыңғыс Дулатов.

Оның ішінде, 29 адамға қатысты техникалық ақаулары бар және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтары бар көлік құралдарын пайдалануға шығарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған жүргізушіні көлік құралын басқаруға жол беру фактісі бойынша 6 хаттама жасалды.

Бұзушылықтар арасында мас күйде жүрген жүргізушіні көлік құралын басқаруға жол берудің ең өрескел 4 фактісі анықталды. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 619-1- бабы бойынша жауапқа тартылды. Мысалы, наурыз айында Павлодар қаласында жүргізуші Honda көлігін басқара отырып, М. Жүсіп – Толстой көшелерінің қиылысында бақылау құдығының жанында күтіп ұстауға ЖШС-нің бірі жауап беретін шұңқырға соғылды, салдарынан көлік құралын бүлдірді. Осы факті бойынша ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру