Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көлік басқару құқығынан айырылған мотоциклші анықталды

Ақтөбеде көлік басқару құқығынан айырылған мотоциклші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуірде “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ақтөбе қаласы К.Нокин даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері мотоциклді тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мотоциклді басқарғаны анықталды.

Мотокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті мототехниканың барлық иелеріне жолда өте мұқият болу, мотошлемдерді үнемі пайдалану, ешбір жағдайда жол қауіпсіздігі нормаларын бұзбау, бірінші кезекте жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Бұл талаптарды елемеу жарақатқа немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру