Павлодар облысында жыл басынан бері ұрланған 60 гаджет иелеріне қайтарылды
Павлодар облысының тәртіп сақшылары қолды болған 60 гаджетті иелеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күнделікті өмірде бәрін қадағалау қиын, ал смартфондар қазірдің өзінде таптырмас көмекшіге айналған. Сондықтан да қаскүнемдер үшін ұрлық объектісі болып қала береді.
– Полицияға ұялы телефондарды ұрлау туралы арыз күн сайын келіп түседі. Мысалы монша кешендерінің бірінде қыздан Iphone 14 телефонын ұрлап алған. Тағы бір жағдайда Samsung Galaxy телефонын бутиктердің бірінде қолды қылған. Осындай ұрлық Лермонтов көшесіндегі дүкенде де болған. Павлодарлықтар Huawei телефонын сөмкеден ұрлап алды, сөмке ашық болған және мобильді телефон көзге көрініп тұрған. Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша осы қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицейлер қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде өз заттарын бақылауға кеңес береді.
– Айта кетейік ағымдағы жылдың басынан бері жедел уәкілдердің күшімен 60-тан астам гаджет иелеріне қайтарылды, – деп толықтырды полиция департаментіндегілер.