Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының криминалистері дактилоскопияны пайдаланып 285 қылмысқа тексеру жүргізді

Павлодар облысының криминалистері дактилоскопияны пайдаланып 285 қылмысқа тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот сарапшылары қылмыс орнында жұмыс істейді, тергеушілермен бірге заттай дәлелдемелерді талдаумен және жинаумен айналысады, ықтимал дәлелдерді зерттейді, зертханаларда маңызды фактілерді анықтайды.

– Заманауи технологияларды енгізумен, жаһандық цифрландырумен криминалистика да дамып жатыр. Бүгінгі таңда мамандар әртүрлі зерттеулерді қолданады. Тек осы жылы Павлодар облысының криминалистері 2065 оқиға орындарын тексеруден өткізді, оның ішінде 1566 заттай дәлелдемелерді алып қою бойынша тексеру жүргізілді. Тәркіленген заттар бойынша 1615 зерттеу жүргізілді, – деді Арғын Сұлтанов.

Мамандар әртүрлі зерттеулер жүргізеді, олардың ішінде: саусақ іздері, трасологиялық, баллистикалық, құжаттарды техникалық зерттеу, суық қаруды зерттеу.

Дактилоскопияны пайдалана отырып, 285 қылмыс бойынша және белгісіз мәйіттердің жеке басын анықтаудың 44 фактісі бойынша 322 тексеру жүргізілді. Осы тексерулердің нәтижелері 127 қылмыстың ашылуына ықпал етті.

– Мысалы, Павлодар қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, қала бау-бақша шаруашылықтарының біріндегі саяжай учаскесінен ақша ұрланғаны туралы хабарлады. Криминалист оқиға орнына жедел-тергеу тобының құрамында келіп, келесі жағдайды анықтады: қылмыскер алдыңғы есіктің құлпын бұзып, саяжайға заңсыз кіріп, ұрлық жасады. Қылмыскердің іздерін табу үшін криминалист бұзылған жерді саусақ ізімен зерттеп, жәбірленуші азаматқа тиесілі емес саусақтың айқын ізін тапты. Саусақ ізін дактилоскопиялық жүйенің деректер базасы бойынша тексеру кезінде бұрын сотталған азамат анықталып , ұсталды, ол ұрлық жасағанын мойындады, – дейді полиция.

Сонымен қатар криминалист мамандар белгілі бір адамды өзіне белгілі мәліметтерге немесе фактілерге объективті анықтау мақсатында полиграфта (өтірік детекторында) психофизиологиялық зерттеулер жүргізеді. Осы жылы 33 зерттеу жүргізілді, оның 11-і қылмыстың ашылуына ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру