Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны әкесінің қызметтік көлігін мас күйде басқарған

Павлодар облысының тұрғыны әкесінің қызметтік көлігін мас күйде басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тамызда сағат 04:19 шамасында Павлодар облысы Успен ауданының полиция қызметкерлері Ольгино ауылында ауданның мемлекеттік ұйымдарының біріне тиесілі автокөлікті тоқтатты. Рөлді басқарған 24 жастағы жігіт болып шықты. Сондай-ақ, жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып тұрған.

– Кейін оның мастығын медициналық куәландыру растады. Сонымен қатар, жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды, – деді Успен ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.

Полициямен әңгіме барысында ер адам түнде үйдің ауласында әкесі тұрақтаған көлікті сұрамай алғанын айтты. Сондай-ақ, ол әкесі ауданның мемлекеттік мекемелерінің бірінде жұмыс істейтінін және бұл автомобиль қызметтік екенін атап өтті.

Бұл бұзушылықтар үшін ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру