Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полициясы тұрғындардың сұрағына жауап берді

Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің бастығы Шыңғыс Дулатов тікелей эфирде тұрғындардың сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеделдік және қолжетімділік – бүгінде бұл халықпен байланыстағы полиция жұмысының негізгі басымдықтарының бірі. Осыған байланысты және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында «Жолда қабылдау» акциясы өте өзекті, өйткені ол жұртшылыққа жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында өздеріне ыңғайлы уақытта және орында консультативтік және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді. Диалогты тікелей эфирде әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің бастығы Шыңғыс Дулатов жалғастырды.

Сұрақтардың басым бөлігі автокөлік жүргізушілерінен келіп түсті. Жүргізушілер көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру немесе айырбастау бойынша сұрақтар қойып, айыппұлдарды төлеу тәртібі туралы ақпараттар алды. Павлодарлықтар жиі қойған сұрақтардың бірі – тонировка бойынша сұрақтар болды.

Тәртіп сақшысы түсіндіргендей, тонировка салонға жарықтың енуін азайтады, көру деңгейі нашарлайды және жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

«Бір танысым көптен бері қарызын қайтармай жүр. Не істесем болады?» деп жазды аймақ тұрғыны. Құқық қорғау органы ер адамға полицияға жүгінуге кеңес берді.

Барлық келіп түскен ұсыныс пен сұрақ басшылықтың жеке бақылауына алынды. Сұрақтардан басқа тәртіп сақшыларына жылы лебіздер мен тілектер де айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру