Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны экс-әйелі жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды

Павлодар тұрғыны экс-әйелі жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Әлеуметтік желіде бөгде жанның жеке өмірі жайлы тың деректі оның келісімінсіз таратқаны үшін павлодарлық азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Анықталғандай, бұрынғы күйеуі Вконтакте әлеуметтік желісінде бұрынғы жолдасымен жеке сипаттағы фотосуреттер мен бейнематериалдар жариялаған. Онымен қоса өзін бұрынғы әйелінің танысы ретінде таныстырып, жалған ақпараттар таратқан. Мұны білген қала тұрғыны полицияға шағымданған.

– Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 147-бабының 5-бөлімі (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп, – деді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.

Істеген заң бұзушылық әрекеті үшін ер адам үш жылдан жеті жылға дейін баас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру