Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жасөспірімнің телефонын тартып алған екі адам анықталды

Түркістанда жасөспірімнің телефонын тартып алған екі адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел өз хабарламасында кәмелет жасына толмаған ұлынан белгісіз біреулер Redmi телефонын тартып алғанын жеткізді. Ұрланған мобильді гаджеттің құны шамамен 140 мың теңгені құраған.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді.

Жедел тергеу тобы мен тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді іздеуге жұмылдырылды. Жедел қызметкерлер оқиға орнын, оған жақын аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде екі күдіктіні анықтап, Түркістан қаласы көшелерінің бірінен ұстады. Олардан жәбірленушіге тиесілі телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу сонымен қатар күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру